ТҮРІК ӘСКЕРІ  СИРИЯ ЖЕРІНЕ  КІРУГЕ  ДАЙЫНДАЛА  БАСТАДЫ

/uploads/thumbnail/20170708182205396_small.jpg

Сириядағы қантөгіске  түрік бауырлар да араласуы ықтимал. Кешелі бері Анкарада Түркияның Сирияға әскер кіргізуі мәселесі талқыланып жатыр. Дәлірек айтсақ, Түркия  Қарулы күштері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Сирия жерінде күрдтердің мемлекет құруына жол бермеуге  бекінген сыңайлы. Оның үстіне ДАИШ-қа(«Ирак-Шам  ислам мемлекеті» деп аталатын террорлық ұйым) қарсы тұрмаса тағы да болмайды.  Террористер күн санап күшейіп, Түркия  шекарасына да  жақындаған жайы бар.  Ресми Анкараның  Сириядағы жанжалға араласуға бел бууына осы оқиғалар себеп болып отырса керек.

Жалпы,  Түркия    Таяу Шығыстағы қантөгістер кезінде  Анадолының  тұтастығын сақтау үшін барын салып жатыр. Әсіресе, ел іргесін шайқалтуға  күрд сеператистерінің  ықпалы  зор болатындығын ресми Анкара жақсы  біледі. Бәлкім, содан да  шығар  2013 жылдан бері  «Күрдістан жұмысшы партиясы» деп аталатын күрдтердің  террористік ұйымының түрмедегі  жетекшісі Абдолла Өзжаланмен келіссөздер бастаған.  Сөйтіп,  Өжалан  арқылы   сеператист күрдтерді қару  тастауға көндіргісі келген-ді.  Сонымен  бірге,  Солтүстік Ирактағы күрд автономиясымен де тығыз қарым-қатынас орнатқан.  Солтүстік Ирак күрдтерінің жетекшісі Месут Барзанидің  Түркияға деген көзқарасы  түзу қазір. Түріктен ешбір күрдтің  жер дауламайтындығына да уәде еткен сол Бразани  болатын.  Оның үстіне Барзани «күлшелі бала». Түркия  шетелден  импорттайтын бағасы  60 млрд долларлық   мұнай өнімдерінің  құны 20 млдр доллар көлеміндегі бөлігін Солтүстік Ирактан алады. Барзанидің қарулы жақтастарына да қолдау жасаған  түріктер. Тіпті,  пешмерганы (Солтүстік Ирак күрд автономиясының  жасақтары)  Сириядағы Кобаниге Түркия өз жері арқылы да өткізген. Сөйтіп,  Таяу Шығыстағы барлық күрдтерді Барзанидің қол астына  біріктіруге  тырысатыны байқалып қалатын.  Алайда,  Абдолла Өзжаланның жақтастары да  қарап қалмады.  Соңғы кездері Сирияда «Күрд жұмысшы партиясының»  жергілікті  бөлімдері  мемлекет құруға  талпынып жатыр. Де-факто құрыла бастады,  де-юре күрдтердің ондай ниеті жоқ.  Міне, осы жағдай Түркияның Сирияға әскер кіргізуіне себеп  болатын түрі бар.

turik asker

Рас, қазір Сирияда Түркия түгілі күллі әлем елдеріне майдан ашқан  террористік топтар аз емес.  Башар Асадтың әскерінен  бөлек Әл-Каиданың бір қанаты  саналатын Джабхат ан-Нусра,  джихатшылар Джабхат ал-исламия, ДАИШ, күрдтердің  PYD  әскері, түркімендердің жасақтары, Біріккен Сирия оппозициясы  сынды   қарулы топтар бар.  Қазір олар бір-бірімен қырқысып жатыр.  Әсіресе,  ДАИШ пен  PYD өзгелерге қарағанда қуатты  болып тұрған жайы бар. Бұлар өзара дұшпандар.  Алайда,  ДАИШ еместүріктер үшін күрд жасақтарының әлсірегені қажет. Өйткені,  күрдтер Сирия  жерінде   тәуелсіз мемлекет құруға кірісті. Солтүстік Ирактағы Барзани  билігіне бағынбайтын,  Өжаланды пір тұтатын топтар бұл. Міне, сол себепті Түркия  Сирияға әскер кіргізуге бекінсе керек. Сөз жоқ түрік әскері ДАИШ  топтарына да қарсы оқ атары даусыз, бірақ,  олар бірінші кезекте PYD  топтарына қарсы тұрмақ.  Сөйтіп, Анкара Таяу Шығыста жүргізіп жатқан саясатына кедергі жасайтын топтарды қарудың күшімен  тәуебесіне келтіруді көздейтін сияқты.  Ең қызығы, Түркия  қарулы күштері Бас штабы мен Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің  ең басты қарсылас  ретінде  ДАИШ-ты емес, күрд топтарын атауы таң  қалдырып отыр.  Бұл жағдай  ДАИШ-ті қолдайтын елдер туралы  түрлі қауесеттің өршуіне  де себепші  болуы мүмкін.  Әсіресе, Түркияның Сирияға терористерді өз аумағы арқылы өткізіп жатқандығы туралы қауесетті күшейтері анық. Сонымен бірге, ДАИШ-ті Түркияның, Катар мен Израильдің, Ұлыбританияның  жақтайтындығы туралы алып-қашпа әңгімені де өршіте түседі. Бірақ, қалай  болғанда да  Түркия  тәуекелге баратын түрі бар. Қанша қымбатқа түссе де Сирияда күрд мемлекетінің құрылуына жол бермек емес. Ресми Анкараның қазіргі беталысы соны аңғартады.

Ақпараттарға қарағанда Түркия  Сирияға 18 мың  әскер кіргізуі мүмкін.  Оларды әуеден F-16 ұшақтары қолдамақ. 46 топқа  бөлінген әскер  ұзындығы 110 шақырым  шекара  бойымен Сирия  жеріне  28-33  шақырым ішкері кіруі ықтимал. Сөйтіп, ДАИШ-ке де, PYD-ге де соққы беруді көздейді. Қазір Түркия әскері соғысқа  дайын тұр. Премьер-министрдің  міндетін атқарушы  Ахмет Дауытоғлу Қорғаныс министрлігіне  тиісті тапсырмаларды беріп те қойыпты. Тек, Ердоғанның  қосымша  бұйырғы керек екен. Алайда, іс  жүзінде Анкара өзінің НАТО-дағы одақтастары мен  АҚШ-тың қас-қабағын бағып отыр.  Қнадайда бір халықаралық  конвенцияларды бұзудан да қауіптенеді. Дегенмен,  осы аптаның соңына дейін не бүге, не шіге болатын  шығар. Бірақ, Түркия қарулы күштері Бас штабының  бұрыңғы  басшысы Илькер Башбуг бұл жорықты қате қадам  ретінде  бағалап отыр. Ол журналистерге берген сұхбатында : «Сирияға кірсек, қайта  шығу  жоқ. Аса қымбатқа  түседі. Сирия 2003 жылғы Ирак емес» деп мәлімдеген. Ал, «Күрдістан жұмысшы  партиясының»  қазіргі жетекшілерінің бірі Мұрат Қарайылан Түркия Сириядағы  күрдтерге соқтығар болса, КПЖ Түркияға шабуыл  жасайтындыын мәлімдеп те үлгерді. Сөйтіп, ақпараттық майданды  қазірден-ақ бастап жіберді екі жақ.

Жалпы, Түркия армиясы НАТО-дағы қуатты  әскерлердің бірі саналады. Алайда,  күрд террористерімен болған 30 жылға жуық қақтығыстарк езінде 40 мыңдай азамат  мерт болған. Түркия үшін  ДАИШ-тің  жасақтарынан  гөрі «Күрдістан жұмысшы партиясының»  қарулы топтары қауіпті.  Оны ел  билігі жақсы  біледі. Түрлі келіссөздер жасап, Түркиядағы күрдтерге мәдени автономия беруге де көнуге әзір сыңай танытатыны содан. Бірақ, жеме-жемге келгенде  батыл қадамдардан сескенбейтіндігін байқатты  Анкара. Алайда, әзірге нақты шешім шыққан жоқ.

Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫ

Қатысты Мақалалар